Моңғолиядағы қазақ балуаны алғаш рет әлем чемпионатында бақ сынайды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ёлка Кадербек – Моңғолияның Сэлэнгэ аймағының тумасы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Моңғолияда дүниеге келген этникалық қазақ Ёлка Кадербек (-60кг) Будапеште өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысады. Бұл 24 жастағы қандасымыздың ең алғашқы әлем чемпионаты болмақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ёлка Кадербек – Моңғолияның Сэлэнгэ аймағының тумасы. Ол 2024 жылы Токиода өткен Гранд-Слэм турнирінде 5-орынға ие болған.

Сондай-ақ қазақ балуаны Ұлан-Батырда өткен ТОП-6 турнирінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Париж Олимпиадасының қатысушысы Энхтайван Ариунболдыны жеңіп, қола жүлде жеңіп алған.

Қазіргі Ёлка таңда -60 келі салмақта әлемдік рейтингте 650 ұпаймен 59-орынға тұрақтаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы Германиядағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді

Новости партнеров