Түрлі күрес мектебінің үздіктері бір рингке шығып, жаңа ережеге сәйкес 8 минуттық бір ғана раундта шеберлігін паш етті
Алматыда ерекше форматта өткен Nomad Wrestling Grand Prix турнирі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған дода SADU Arena спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жолғы бәсеке бұрынғыдан өзгеше форматта ұйымдастырылды. Түрлі күрес мектебінің үздіктері бір рингке шығып, жаңа ережеге сәйкес 8 минуттық бір ғана раундта шеберлігін паш етті. Турнирдің жүлде қоры да қомақты - 20 миллион теңге. Оның 15 миллион теңгесі ересектер арасындағы жеңімпаздарға, ал қалған 5 миллион теңгесі жас балуандарға үлестірілді.
Айта кетейік, алдағы уақытта да лига аясында осындай ерекше форматтағы турнирлер жалғасын таппақ.
«Жарысқа өте тиянақты дайындалып келдік. Жарыс деңгейі өте мықты, жақсы өтіп жатыр. Қазір қарсыластармен шығады. Сол бозкілем шешеді деп ойлаймын», – деді грек-рим күресінен аға жаттықтырушы Еркебұлан Ардақов.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігінде Михаил Шайдоровты әлем чемпионатындағы күміс медалімен құттықтады