Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды

11.02.2026 09:34

Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда өнер көрсетті

instagram.com/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.

Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.

АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен  франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Оқи отырыңыз: 11 ақпанда Алматы мен Астанада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр