Қазақстанда алғаш рет дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды
Бүгін 5 тамызда, Алматыда дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жиынға әлемнің 30 елінен 700-ден астам дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Атап айтқанда, Атап айтқанда, Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов (Қазақстан), Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан), әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және өзге де әлемнің үздік дзюдошылары оқу-жаттығу жиынына қатысады.
Жаттығу Олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтуде. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл бірлескен халықаралық оқу-жаттығу жиыны 15 тамызға дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз: Президент Ұлттық архив ұжымын 20 жылдық мерейтоймен құттықтады