Отандық спортшылар әлем кубогында 15 жүлде алды
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білді
Спорттық гимнастикадан 6 кезеңнен тұратын Әлем кубогы мәресіне жетіп, жерлестеріміз үздік көрсеткіштерін тіркеді,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Тек қана Милад Каримидің өзі 6 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленіп, мансабындағы ең үздік маусымын өткізе білді.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов Әлем кубогының ортасынан басып қатысса да, 1 алтын, 2 қола нәтижесімен жанкүйерлерін қуанта білді. Дмитрий Патанин, Зейнолла Ыдырысов, Алтынхан Темірбек те жүлде алып, резервтің мықты екендігін дәлелдей білді.
Кейінгі жылдағы көрсеткіштеріміз:
- 2025 жыл– 7 алтын, 4 күміс, 4 қола
- 2024 жыл – 2 алтын, 2 қола
- 2023 жыл - 3 алтын, 1 қола
- 2022 жыл – 2 алтын, 2 күміс
- 2021 жыл – 1 күміс, 1 қола
- 2020 жыл - 1 күміс, 2 қола
- 2018 жыл – 1 алтын
- 2017 жыл – 1 күміс
Оқи отырыңыз: Атыраулық Әйгерім Парижде көк туды желбіретті