Дүбірлі додада 44 спортшымыз бақ сынап, жетеуі жүлделі қайтты
Алматы әкімдігі Париждегі паралимпиадаға қатысқан алматылық спортшы Камила Досмалованы марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Паратаэквандошыны қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, толағай табыс тіледі. Ел намысын қорғауға барын салған аруға бір бөлмелі пәтердің кілті мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды. Спортшының бапкеріне де шаһар әкімінің атынан 1,5 миллион теңгенің сертификаты берілді.
"Алматы қаласының әкімдігіне шақырып, арнайы сый-құрмет көрсетіп жатыр. Өте қуаныштымын. Осындай параспортшыларды, жүлделі орын алмасам да, қажетті көмек көрсеткеніне алғысымды білдіремін! " – деді паратаэквандошы Камила Досмалова.
Айта кетейін, байрақты бәсеке Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтті. Дүбірлі додада 44 спортшымыз бақ сынап, тоғызы жүлделі қайтты. Нәтижесінде, паралимпиадашылар рекордты жаңартты.
Оқи отырыңыз: Діндер съезі: жас діни көшбасшылардың форумы өтіп жатыр