Президент «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінің жеңімпазын құттықтады

16.08.2026 12:17

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады

Qazaqstan Barysy ұйымдастырушы комитеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Qazaqstan Barysy – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.  

Оқи отырыңыз: «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады

Толық көрсету