Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері осал емес - Ербол Қайыров

Видеодан алынды
Видеодан алынды

Белгілі спорт журналисі, комментатор Ербол Қайыров алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» тарихи кездесуі туралы пікір білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері осал емес. Кем дегенде бір гол салуы мүмкін». Белгілі спорт журналисі, комментатор Ербол Қайыров алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» тарихи кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Испаниялық командада басымдық бар. Алайда соңғы ойындарда олар Еуропалық ірі клубтардан бірнеше рет жеңілді. Бұл фактор да ойын барысына әсер етуі ықтимал.

 «Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері осал емес. Чемпиондар лигасында, квалификацияда өнерімен барлық жанкүйерді, мамандарды таңқалдырды. Сондықтан да кем дегенде бір гол соғуға тырысады. «Реалдың» өте мықты, шеберлігі өте жоғары деңгейде. Дегенмен «Қайратқа» сенеміз, жанкүйер боламыз. Сондықтан да тек жақсы нәтиже күтеміз», – деді спорт комментаторы Ербол Қайыров.

Оқи отырыңыз: Түркістандық жанкүйер қақпасына «Қайрат» пен «Реалдың» эмблемасын салды

Новости партнеров