Ризабек Айтмұхан Ислам ойындарында күміс жүлдегер атанды

21.11.2025 20:49

Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті

instagram.com/kazwrestling_official/ фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ал қазақстандық балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Оқи отырыңыз: Ислам ойындары: Қазақстан құрамасы гандболдан күміс жүлде алды