Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Эдуард Ким финалдық сайыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
19 шілдеде отандасымыз әртістік жүзуден техникалық соло бағдарламасында сынға түсті.
Сайыс қорытындысы бойынша ол 217.7084 ұпай жинап, 9-орынға жайғасты.
Александр Мальцев (Ресей) 251.7133 ұпаймен алтын медальді жеңіп алды. Испаниялық Деннис Гонзалес екінші орынға ие болды - 241.1667. Қола жүлде Диего Виллалобосқа (Мексика) бұйырды - 238.1600.
Оқи отырыңыз: Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды