Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Майлин көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

1-КЕЗЕҢ: 19 шілде күні сағат 23:00-ден 20 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.

2-КЕЗЕҢ: 20 шілде күні сағат 23:00-ден 21 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Қала тұрғындарынан маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

 

Новости партнеров