Тізімге 25 ойыншы енді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін халықаралық жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылардың нақты тізімін бекітті. Бас бапкердің таңдауы 25 футболшыға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ойыншылар тізімін жасақтау кезінде бапкерлер қосыны тәжірибе мен жастық жалынның теңгеріміне басымдық берген. Мәселен, құрамаға «Қайраттың» жас жұлдыздары Дастан Сәтпаев пен қақпашы Темірлан Анарбеков шақырту алса, олармен бірге ел намысын «Ордабасының» ардагер қорғаушысы Сергей Малый мен «Жетісу» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков қорғайды. Сондай-ақ, легионерлерден Нұралы Әліп («Зенит»), Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат») және шотландиялық «Хартс» сапындағы Ислам Чесноков тізімде бар.
Десе де, бұл жолғы құрам жанкүйерлер үшін күтпеген жаңалықтарға толы болды. Құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген Бахтиёр Зайнутдинов пен еліміздің ең танымал футболшыларының бірі Шерхан Қалмырза бұл жолғы жиыннан тыс қалды.
Ұлттық құраманың толық құрамы төмендегідей:
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында Еуропада қатарынан екі қонақтағы кездесу өткізеді. Алдымен 6 маусымда Ереван қаласында Армения құрамасымен жолықса, 9 маусымда Дебреценде Венгрия ұлттық командасына қарсы жасыл алаңға шығады.
Оқи отырыңыз: Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан күміс жүлде иеленді