Senat Open-2026: Алматыда шахматтан ширек финалдық кезең басталды

01.06.2026 19:33

Интеллектуалды доданың келесі кезеңіне жолдама алу үшін іріктеуден үздік шыққан 160 қатысушы бақ сынауда

Алматыда шахматтан III ашық «Senat Open-2026» кубогының ширек финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Интеллектуалды доданың келесі кезеңіне жолдама алу үшін іріктеуден үздік шыққан 160 қатысушы бақ сынауда. Бұл бірегей жоба ҚР Парламенті Сенатының, Алматы қалалық мәслихатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Турнирге мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері және өзге де сала қызметкерлері қатысуда. Жарыс жеңімпаздары Алматы қаласының атынан республикалық кезеңде өнер көрсету құқығына ие болады.

«Сайысқа 16 адам қатысып жатыр. Олардың арасынан 35 адамды іріктеп алынады. Келесі турнир Восток деп ататалады. Ал Шығыс турнирі 8 маусымда Өскеменде болады. Финал Астана қаласында өтеді», – деді Алматы қалалық мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Оқи отырыңыз: Отандық шабандоздар жүлделер жиынтығын қанжығаға байлады