Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысады

05.06.2026 12:09

Құрлық біріншілігі Қытайдың Цзуньи қаласында өтеді

t.me/olympickz

 

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынща, құрлық біріншілігінде ел намысын келесі спортшылар қорғайды:

  • Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, ат снарядында және кермедегі жаттығулар);
  • Ильяс Азизов (көпсайыс);
  • Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақиналардағы жаттығулар, қоссырық және керме);
  • Роман Хегай (көпсайыс);
  • Дияс Тойшыбек (ат снарядындағы жаттығулар, қоссырық және керме);
  • Нуртан Идрисов (көпсайыс).

Айта кетейік, алдағы Азия чемпионаты 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып саналады.

Жолдамалар командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынады. Осыған байланысты бапкерлер штабы құрамды жасақтау кезінде бірнеше снарядта өнер көрсете алатын гимнастарға басымдық берді.

Сол себепті жекелей снарядтарға маманданған спортшылар тізімге енгізілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Президент вице-президент, Құрылтай және Халық Кеңесі туралы құжаттарға қол қойды