Қазақстан чемпионатының финалы Назым Қызайбайдың сенсациялық жеңілісімен аяқталды
Қазақстандық боксшы Элина Базарова Назым Қызайбайға қарсы ел чемпионатының финалдық кездесуінде камбэк жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengri Sport-қа сәлтеме жасап.
54 келіге дейін салмақ дәрежесіндеге кездесу тәжірибелі Қызайбайдың басымдығымен басталды. Төрешілер бірінші раундты Қызайбайдың еншісіне берді.
Бірақ екінші және үшінші раундтарда төрешілер Элина Базарованың жағына шықты. Соның нәтижесінде Қазақстан чемпионатының финалы Қызайбайдың сенсациялық жеңілісімен 2:3 есебімен аяқталды.
Айта кетсек, Назым - Қазақстандағы ең танымал боксшы. Ол бокстан әлем чемпионатының 5 медалін иеленген, оның үшеуі - алтын. Сондай-ақ ол Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Қазақстанның бірде бір спортшысы бокстан әлем чемпионатын осынша рет жеңбеген. Бұл ретте оның салмақ категориясы 48 келіге дейін.
Айта кетейік, шымкенттік 22 жастағы боксшы 2022 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңген. Ересектер арасында қазақстан чемпионы атанып, Странджа кубогін алған.
Сонымен қатар өткен жылы Базарова кәсіби деңгейдегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық Ситора Шогдарованы ұтып, сенімді жеңіске қол жеткізді.
Айналысатын спорты физикалық тұрғыдан өте ауыр әрі жоғары қауіп-қатерге толы болғанына қарамастан, Элина жанкүйерлерді тек көрсеткен нәтижелерімен ғана емес, сонымен қатар көз тартарлық келбетімен де тәнті етеді.
Қазірдің өзінде оның Instagram желісінде 12 000-нан аса жазылушысы бар, олардың көбі оның сұлулығына жиі тамсанып, пікір қалдырады.
Оқи отырыңыз: Алматы білім басқармасының орталығы халықаралық сыйлықтың арнайы жүлдесін алды