Таеквондодан командалық әлем кубогы: Қазақстан күміс медальға ие болды

14.07.2026 21:58

Командалық әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады

Қазақстан таеквондо федерациясы

Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.

Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.

Айта кетейік, командалық әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз жол: ІІМ жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады