Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан спортшысы алтын алды

11.05.2025 11:11

Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды

Аlmaty.tv

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды.

"Финалдық кездесуде ол канадалық Никола Самордичпен тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңіске қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, отандасымыз алғашқы екі раундта қарсыласына 0:11 есебімен есе жіберіп тұрған болатын. Алайда үшінші раундтың соңына 20 секунд қалғанда шабуылды үдете түсіп, жалпы есепті 17:15-ке жеткізді.

Финалға дейін Ромашкин Иордания, Иран, AIN (бейтарап ту астындағы команда) және Тайпейден келген спортшыларды жеңіп шықты.

Биылғы әлем чемпионатына 80 елден 811 жасөспірім спортшы қатысып жатыр. Жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады