Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді

08.11.2024 21:14

Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады

Almaty.tv

11 қарашада Таразда  күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогы басталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады. Спорттың әр түрінен он салмақ дәрежесінде медалдар сарапқа салынады.

11 қарашада «классиктер» арасында жарыстар басталады. Ал 13 қарашада әйелдер арасындағы үздіктер анықталады. Кубокты қорытындылайтын еркін күрес шеберлері, 14 қарашада жүлделі орындар үшін күреседі.

Дереккөз: Ұлттық олимпиадалық комитет.