Таразда маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты өтеді

23.05.2025 21:16

Турнир қатысушылары екі дисциплинада бақ сынайды

Аlmaty.tv

30 мамыр мен 2 маусым аралығында Тараз қаласында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнир қатысушылары екі дисциплинада бақ сынайды: XCM – марафон және XCE – кросс-кантри іріктеу жарысы.

«Жүлделер мен рейтингтік ұпайлар ересектер мен жасөспірімдер арасында сарапқа салынады», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Астанада өтетін әлем кубогына қатысатын боксшылардың тізімі анықталды