Теннисші Елена Рыбакина Канададағы «мыңдық» турнирдің финалына шықты

13.08.2026 11:53

Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі

Depositphotos.com

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы америкалық Кори Гауффты үш сетте де жеңді.

Алғашқы кезеңде Гауфф басым түсіп, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Алайда қалған екі сетте Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен басымдық танытып, финал жолдамасын иеленді.

Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.

Оқи отырыңыз: ТЖМ жаз айларындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді

Толық көрсету