Ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті

05.06.2026 14:36

Жүлделер қатарында екі алтын медаль бар

t.me/kazcanoerowing_kz

Бүгін Түркістанда байдарка мен каноэде ескек есуден юниорлар, U23 жас санатында және параканоэден Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ескек есу түрлерінен Қазақстан ұлттық федерациясының хабарлауынша, таңғы финалдар нәтижесінде Қазақстан командасының қоржынына 2 алтын, 4 күміс пен 1 қола медаль түсті:

  • Байдарка U23 1000 метр Дмитрий Холмогоров;
  • Байдарка U23 1000 метр Стелла Суханова;
  • Каноэ U23 1000 метр Полат Төребеков;
  • Каноэ U23 1000 метр Мария Бровкова;
  • Каноэ U18 1000 метр Богдан Носиков;
  • Байдарка U18 1000 Тимофей Таранов;
  • Байдарка U18 1000 м Анна Емельяненко.

Енді біраздан соң кешке дейін тағы бірнеше қашықтықта ақтық сын жарыстары өтеді.

Оқи отырыңыз: Президент Алатауды жаңа технологиялар тарту орталығына айналдыру міндетін қойды