Үш қазақстандық могулшы қысқы Олимпиаданың финалына өтті

11.02.2026 16:38

Іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар финалға жолдама алады

Depositphotos.com

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар финалға жолдама алады.

Екінші іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Әмренова өнер көрсетті.

Нәтижесінде Юлия Галышева 5-орын, Анастасия Городко 7-орын алса, Аяулым Әмренова 10-орынға тұрақтады. Осылайша үш қазақстандық спортшы да финалға жолдама алған 20 спортшының қатарына енді.

Айта кетейік, ақтық бәсеке бүгін, 11 ақпанда Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Азия чемпионатында 7 медаль алып, төртінші орынға ие болды