US Open: Елена Рыбакина ширек финалдан тыс қалды

Depositphotos
Depositphotos

Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушоваға тап келді.

Е.Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда үздік шықса, М.Вондроушова бір жылдан кейін чемпион атанған еді.

Қарсыластар осыған дейін өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда чехиялық спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Елена таразы басын теңестірді. Алайда Вондроушова тағы бір брейкке қол жеткізіп, өз геймін алды — 6:4.
Екінші сетте Рыбакина есе қайырды — 7:5.

Үшінші, шешуші сетте чехиялық теннисші сәтті ойнады — 6:2.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Вондроушова 13 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

М.Вондроушова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 95-сатыдағы испаниялық Кристина Букшаны қапы қалдырды — 6:1, 6:4.

Оқи отырыңыз: Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

 

Новости партнеров