Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Sport12.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, америкалық Томми Полға қарсы келді.

Бірінші партияда тай-брейкте Бублик шеберлік танытты. Екіншісінде Пол есе қайырды — 7:6 (7:4). Үшінші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:3. Төртінші сетте тай-брейкте Т.Пол табандылық көрсетті — 7:6 (7:5). Бесінші, шешуші партияда Бублик бет қаратпады — 6:1.

Үш сағат 37 минутқа созылған тартысты бәсекеде Бублик 22 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқастырады.

Оқи отырыңыз: "Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридпен" болатын матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Новости партнеров