Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15.05.2026 10:18

Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті

t.me/olympickz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстандық спортшы U13 жас санатында қарсыластарынан басым түсті.

Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Финалда жергілікті спортшы Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) ұтты.

Қазіргі таңда Жәния Бекмұхамбетова әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.

Оқи отырыңыз: Отбасы – ұлттың тірегі: 15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып өтеді