Үстел теннисінен Азия чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысады

15.10.2026 15:54

Құрлық біріншілігінде еліміз атынан он спортшы бақ сынайды

t.me/olympickz

19-25 қазан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, құрлық біріншілігінде Қазақстан атынан он спортшы бақ сынайды.

Ерлер құрамына Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Санжар Жұбанов және Ескендір Харки кірді.

Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

Толық көрсету