Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстан тағы екі мәрте жеңіске жетті

30.04.2026 10:58

Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді

Depositphotos.com

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатындағы өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді.

Әйелдер:

Қазақстан - Моңғолия 3:0:

Зәуреш Ақашева - Буренджаргал Санджаа 3:0;

Сарвиноз Миркадирова - Болор-Эрдэнэ Батмөнх 3:1;

Әнел Бақыт - Эгшиглен Бат-Эрдэнэ 3:0.

Ерлер:

Қазақстан - Мысыр 3:2:

Кирилл Герасименко - Омар Ассар 3:0;

Алан Құрманғалиев - Мохамед Эльбеали 3:1;

Ескендір Харки - Юсеф Абделазиз 0:3;

Алан Құрманғалиев - Омар Ассар 2:3;

Кирилл Герасименко - Мохамед Эльбеали 3:1.

Бүгін, 30 сәуірде ерлер құрамасы Таиланд командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:30-да басталады. Ал әйелдер құрамасы Чехиямен ойнайды. Кездесудің басталуы - 21:00.

Еске салсақ, бір күн бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.

Оқи отырыңыз: Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар қалай жұмыс істейді