Қазақстандық спортшылардың Олимпиада киімдерінің эскизі бекітілді

30.12.2025 12:23

Қазақстандық спортшылардың XXV қысқы Олимпиада ойындарына арналған киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің айтуынша, техникалық талаптарды, макеттерді және жеткізілетін спорттық киім-кешекті бақылауды үйлестіру мақсатында Ұлттық Олимпиада комитеті, ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдері және белгілі спортшылардың қатысуымен жұмыс комиссиясы құрылған. Комиссия спорттық киім-кешектің эскизін бекітіп, қазір ол Халықаралық Олимпиада комитетімен келісілуде.

Киім-кешек жиынтығына спортшылардың ашылу және жабылу салтанатына арналған киім формасы, сондай-ақ спорттық іс-шара кезінде пайдалануға арналған жылы сырт киім кіреді.

Сонымен қатар спорттық жаттығуларға, дене қыздыруға және күнделікті қолдану үшін арнайы жаттығу және күнделікті киімдер қарастырылған.

«Жалпы, спорттық киім-кешектер жиынтығы 22 атауды қамтиды. Форма бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алынды», — деді Ербол Мырзабосынов.

Оқи отырыңыз: 2025 жыл қорытындысы: Президент бастамаларының нақты нәтижелері