Ел намысын барлығы 70 спортшы қорғап жатыр
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VІ Азия жағажай ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз -69 кг салмақта бақ сынап, финалда Оңтүстік Корея өкілін айқын басымдықпен жеңді.
Сонымен қатар бүгін күш сынасқан тағы 2 отандасымыз Әлинұр Қуатай (-69 кг) мен Сейілхан Болатбек (-77 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.
"Қазір Қазақстан командасы кешенді жарыста 1 алтын, 3 қола жүлдемен 6-сатыға көтерілді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ойындарда спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды.
Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғап жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда алимент пен айыппұл төлемегендерге қарсы шара күшейтілді