VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

24.04.2026 17:37

Ел намысын барлығы 70 спортшы қорғап жатыр

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VІ Азия жағажай ойындарында джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков чемпион атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз -69 кг салмақта бақ сынап, финалда Оңтүстік Корея өкілін айқын басымдықпен жеңді.

Сонымен қатар бүгін күш сынасқан тағы 2 отандасымыз Әлинұр Қуатай (-69 кг) мен Сейілхан Болатбек (-77 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

"Қазір Қазақстан командасы кешенді жарыста 1 алтын, 3 қола жүлдемен 6-сатыға көтерілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ойындарда спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынып жатыр. Қазақстан құрамасы оның 9 түрінен бақ сынайды.

Барлығы ел намысын 70 спортшы қорғап жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда алимент пен айыппұл төлемегендерге қарсы шара күшейтілді