Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді
23 шілдеде Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Youth Contender турнирі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Байрақты бәсекеге 16 ұлттық құраманың намысын қорғайтын 235 спортшы қатысуда.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан түрлі жас санаттарында 86 теннисші өнер көрсетеді.
Жүлделі орындар келесі санаттар бойынша сарапқа салынады:
1. 11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
2. 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар – жекелей сын;
3. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
4. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
5. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар – жекелей сын;
6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;
7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.
Оқи отырыңыз: Әртістік жүзу: отандастарымыз іріктеу сайысында 228.2541 ұпай жинады