Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған З.Дияс жуырда Түркиядағы ITF турнирінің чемпионы атанған еді
Әйелдер арасында 28 қазан – 3 қараша аралығында өтетін Цзюцзян WTA 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталмыш жарысқа дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған қазақстандық Зарина Дияс арнайы шақырту алды.
Зарина алғашқы айналымда әлемнің 60-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен ойнайды.
Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған З.Дияс жуырда Түркиядағы ITF турнирінің чемпионы атанған еді.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 311-сатыдағы Жібек Құламбаева Цзюцзян додасының іріктеу сайыстарынан өте алмады. Ол іріктеу сынының жартылай финалында екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта индонезиялық Приска Маделин Нугрохоға жол берді – 2:6, 6:7 (7:9).
Цзюцзянда өткен жылы чехиялық Катержина Синякова үздік шыққан болатын. Ол финалда өзінің отандасы Мари Боузкованы 1:6, 7:6 (7:5), 7:6 (7:4) есебімен жеңген еді.
Оқи отырыңыз: Головкин бокстан әлем чемпионатының ашылуына қатысты