Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының жаңартылған рейтингінде көш бастады

16.06.2025 09:25

Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие

X/Janibek Alimhanuly

The Ring журналы салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы көшбасшылық орнын  (17-0, 12 KO) сақтап қалды. Ол WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие.

Рейтингтің келесі орындарында:

Карлос Адамес (Доминикан Республикасы, 24-1-1, 18 KO) — WBC чемпионы

Хамза Шираз (Ұлыбритания, 21-0-1, 17 KO)

Эрисланди Лара (Куба, 31-3-3, 19 KO) — WBA чемпионы

Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 5 сәуірде Астанада өткізді. Ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты