Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды

29.05.2025 14:18

Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар

Аlmaty.tv

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.

Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

«Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті», - делінген хабарламада.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда туған: төрт дүркін әлем чемпионы өмірден өтті