Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші алтын медаль жеңіп алды

30.05.2025 21:12

Нора Джеруто финалда жеңіске жетті

Аlmaty.tv

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірудің финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді.

Екінші орынды үндістандық Паул Чаудхари (09:12.46), ал үшінші орынды қазақстандық Дейзи Джепкемей (09:27.51) иеленді.

Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін Дейзи Джепкемей 10 000 метрге жүгіруден алтын, ал Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық балуанға Азия чемпионатының алтын жүлдесі табысталды