Белгілі спорт комментаторы Есей Жеңісұлы бастаманың дұрыс шешім екенін айтты
«Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру жұмысын жеделдету керек». Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жариялаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президенттің сөзінше, кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырып, футбол клубтарын жекеменшікке өткізу керек. Еліміздің төрт футбол командасын жеке кәсіпкерлердің басқаруына өткізу ісі жүріп жатыр. Белгілі спорт комментаторы Есей Жеңісұлы бастаманың дұрыс шешім екенін айтты. Оның пікірінше, клубтарды жекешелендіру отандық футболдың сапасын арттырып, жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
«Бастама дұрыс деп есептеймін. Көршілес Өзбекстанның немесе Батыс Еуропаның, тіпті Шығыс Еуропадағы Жапонияның, Оңтүстік Кореяның мысалын пайдалана отырып, белгілі бір дәрежеде сол командағы иелік еткен бизнесмендерге, шаруа адамдарына салық жеңілдігін де беру керек. Өйткені ол мемлекет пен жеке бизнес бір бірінен кері айналмай, бір-біріне қарсы жүріп ұшарысуы керек. Сондай жағдайда мүдде тоғысқан жерде міндетті түрде нәтиже болады», – деді спорт сарапшысы Есей Жеңісұлы.
Оқи отырыңыз: Алматы Франциямен халықаралық серіктестікті күшейтуді жоспарлап отыр