Жүзуден Қазақстан құрамасы Испанияда өтетін турнирге қатысады

21.05.2025 14:15

Аталмыш додада ел намысын сегіз спортшы қорғайды

Аlmaty.tv

Жүзуден Қазақстан құрамасы Барселонада (Испания) өтетін беделді халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталмыш додада ел намысын сегіз спортшы қорғайды.

«Испаниядағы жарысқа Әділбек Мусин, Аделаида Пчелинцева, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов, Софья Сподаренко, Ксения Игнатова, Егор Попов және Арсен Қожахметов қатысады», - делінегн хабарламада.

Жарыс 21-22 мамыр аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Еліміз бойынша қанша адам шағын және орта бизнесте жұмыс істейді