Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29 ұпай) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады
Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Фристайл-могулдан жарысқа қатысқан отандасымыз, Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Анастасия Городко 79,79 ұпаймен жеңімпаз атанып, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29 ұпай) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады.
Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс докторанты Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.
Оқи отырыңыз: Алматы-Өскемен тасжолында 24 жолаушы құтқарылды