Құжатта қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мәселесі де егжей-тегжейлі көтерілген
«Алматы-2050» даму стратегиясында 7 негізгі басымдық қамтылған. Олар: «Шетсіз қала», «Ақылды қала», «Тең мүмкіндіктер қаласы», «Қауіпсіз қала», «Жасыл қала», «Жаһандық іскерлік орталық», «Мәдени креативті қала». Құжат баспасөз құралдарына жариялана сала, тұрғындар өз пікір-көзқарастарын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Алматы қаласының өркендеуі үшін мұндай маңызды құжат керек. Әкімнің олай қолға алып жатқанына өте қуаныштымыз. Қаламыз тек жақсы жағына өзгере берсін», - деді бір тұрғын.
«Жастар үшін де қаланың дамыған жақсы. Жастарға жұмыс көбейеді. Әйтпесе, қазір 30-дан ассаң, жұмыс таба алмайсың», – деді.
Құжатта қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мәселесі де егжей-тегжейлі көтерілген. Экологиялық теңгерімді тұрақты сақтау үшін қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың «жасыл желісі» құрылатын болады. Оған әлемдік деңгейдегі жаңа рекреациялық парк пен қаланы тау бөктерінен төменге дейін кесіп өтетін және қаланың табиғи желдетуін қолдайтын «жасыл» өзен дәлізі кіреді. Қала агломерациясының өсуін жоспарлау принципі бойынша жүзеге асырылмақ. Барлық жерде таза энергия тиімді технологиялар пайдаланылатын болады.
«Ең маңыздысы экология ғой. Басқа шетелдердегі сияқты біз де ауасы таза, көшелері таза, қоқыссыз қалада жүргенді қалаймыз. Мысалы Голландия, Шотландияға барсаңыз, бір қоқыс таппайсыз. Біз де сол сияқты дамыған мемлекет болғымыз келеді», – дейді келесі бір тұрғын.
«Экологияны түзесе, керемет болар еді. Өйткені Алматы таулы қала ғой. Қаланы айнала тау қоршап тұр. Жел жер, ауа дұрыс айналмайды», – дейді енді бірі.
«Қалада 2 миллионнан астам ағаштың тек 1 миллионнан астамы ғана сау деп танылған. 25 пайызы апатты күйде. Осы тұрғыда бау-бақша, жасыл, күтілген, әдемі, кең саябақтар және кең жүргіншілер көшелері мен жайлы бульварлар сондай-ақ аллеялары бар қала болады», – деді бірі.
«Негізі жоғары жақта ағаштар саны басым. Жасыл жекеті көбіне қаланың төменгі жақтарына егу керек».
«Өзім "Алматы-1" жақта тұрамын. Көп жерді жарықтандыру керек», - деді қаланың келесі бір тұрғыны.