|
22.01.2020 | 21:47
66641

Алматыда сауда нысандарын орналастыру туралы заңға өзгеріс енгізіледі

Алматыда жылжымалы фуд-трак орналастыру үшін 50 орын анықталды

Алматыда сауда нысандарын орналастыру туралы заңға өзгеріс енгізіледі Almaty.tv

Қазіргі таңда кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы «қаланың ерекше статусы» заңы аясында бірыңғай ереже дайындап жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұдан былай кәсіпкерлер жер теліміне өтініш тастауы керек. Кейін арнайы комиссия ол орындағы санитарлық норманың сақталу жәйін тексереді. Тек кейін рұқсат беріледі. Айта кетейік, тағы бір шарт - маңында басқа коммерциялық нысан болмауы тиіс. Таңдалып алынған жер телімдері аукцион арқылы берілетін болады. Бүгінгі таңда 85 жер телімі аукционға түсуге дайын тұр.

«Жазғы кафелердің алаңдары бойынша жаңадан ережелерді қабылдауға мақсат қойып отырмыз. Алдымен біздің бақсарма ол ережелердің жобасын әзірлейді. Әрі қарай қоғамдық талқылауға біз шығарамыз. Үшінші кезеңде мәслихат деңгейінде наурыз айында жоспарлап отырмыз», - дейді  қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан ОРАЗАЛИН.

Одан бөлек, Алматыда жылжымалы фуд-трак орналастыру үшін 50 орын анықталды. Бұл қаланың сыртқы келбетінің сақталуын, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қажет. Белгіленген орындарда құрылыс нормалары сақталған. Айта кетейік, стационарлық емес нысандарға жәрмеңкелер де жатады. Оның мақсаты – ауылшаруашылығы және отандық тауар өнімдерін делдалсыз халыққа арзан бағада сату. Қазір қаланың 5 ауданында делыс күні жәрмеңке өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир