Тәжірибелі мұғалімдер мен экобелсенділер сабақтарды ойын түрінде өткізді
Алматының экохабында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған шеберлік дәрісі өтті, онда шығармашылық пен экологиялық білім берілді. Іс-шараға 30-дан астам қатысушы, оның ішінде балалар мен олардың ата-аналары, сондай-ақ еріктілер мен тәрбиешілер қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шеберлік дәрістің басты мақсаты ерекше қажеттілігі бар балалардың әлеуметтік өзара іс-қимылы мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жағдай жасау. Қатысушылар қайта өңделген материалдардан экологиялық қолөнер бұйымдарын жасады, бұл олардың талантын ашуға және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға мүмкіндік берді.
Балаларға экологиялық мәдениетті сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды, қайта өңделген материалдардан түрлі пластикалық бұйымдар жасалатын жабдықтар көрсетілді, сондай-ақ балаларға экологиялық акцияға қатысу үшін арнайы тиын - экокоиндарды өздері жасауды ұсынылды. Сондай-ақ балалар үшін эко-сөмкелерді пайдаланудың маңызы және саналы тұтыну дағдысы жазылған шопперлердің бірегей суреті бойынша шеберлік дәрісі өткізілді.
Тәжірибелі мұғалімдер мен экобелсенділер сабақтарды ойын түрінде өткізді, бұл оқу үдерісін балаларға қызықты әрі қолжетімді етті. Шеберлік дәрісі мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мен дамытуға бағытталған эко-хаб іске асыратын инклюзивті оқыту бағдарламасының бір бөлігіне айналды.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экоакциялар өткізілді