Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару жұмысы күшейтілді

23.08.2024 14:52

Қала аумағын көріктендіру ережесін сақтау үшін ірі көлемді қоқыстарды жинайтын негізгі орындарда қосымша бейнебақылау камералары орнатылды

Almaty.tv

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Полиция департаментімен бірлесіп ірі көлемді қоқысты шығару ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала аумағын көріктендіру ережесін сақтау үшін ірі көлемді қоқыстарды жинайтын негізгі орындарда қосымша бейнебақылау камералары орнатылды. Сондай-ақ  қалада тазалықты сақтау қажеттілігі туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр, жеке және заңды тұлғалардың Алматы қаласының аумағын көріктендіру қағидасының талабын бұзу фактісін анықтау және тұрғындардың контейнерлік алаңға ірі көлемді қоқысты шығармау бойынша рейдтер ұйымдастырылды.

Алматыда бүгінде тұрғындардың контейнерлік алаңның іргелес аумағына тұрмыстық техника, сантехникалық бұйымдар және басқа да істен шыққан ескі жиһаз сынды ірі көлемді қоқыстарды тастау мәселесі бар. Сонымен қатар, қоқыс жәшіктерінің жанында плитка, кірпіш және т.б құрылыс қалдықтарын көруге болады.

Қоқыс шығаратын машиналар ірі көлемдегі қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығара алмайды, өйткені бұл қоқыс таситын машиналардың престеу аппаратын істен шығаруы мүмкін.

Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидасына сәйкес жылжымайтын нысандарды салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды (жиһаз, тұрмыстық техника) арнайы бөлінген орындарға өздері апаруы керек.

Алматы қаласының аумағын көріктендурі ережесіне сәйкес ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығаруды ірі көлемді қоқыстарды шығару шарты негізінде кәсіпорындардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың өздері не қоқыс шығаратын кәсіпорындар жүргізеді.

Осылайша, үйіне жөндеу жүргізетін тұрғындар, сондай-ақ ірі көлемді қоқыс пайда болған кезде мамандандырылған ұйымдарға хабарласып, ақылы техниканы шақыруы немесе қалдықтарды полигонға өз бетінше шығаруы керек. Полигондар Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарында орналасқан.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабында көріктендурі ережелерін бұзу жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкелетінін ескеру қажет.

Оқи отырыңыз: Алматыда ерекше балаларға арналған шеберлік дәрісі ұйымдастырылды