Алматыда 8 сәуір күні «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Бұл туралы әнші Әлішер Кәрімов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«8 сәуірден 8 мамырға дейін жалпықалалық сенбіліктер, ағаш отырғызу, жағалауларды, су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазарту апталығы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары ескерткіштерді тазалауға, аумақ пен мәдениет нысандарын тазалауға қатыса алады», - деді әнші.
Оның пікірінше, бұл Алматы қаласы әкімдігі қолға алған игі бастама.
«Қазір су тасқынынан зардап шекпеген аймақтар мен қалаларды тазарту мен абаттандыру маңызды екенін түсінуіміз керек. Осылайша, біз тағы да азаматтық ұстанымды көрсетіп, еліміз бен қаламызға көмектесеміз», - деді Әлішер Кәрімов.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.
Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Оқи отырыңыз: Мұрат Мұтұрғанов алматылықтарды науқанға белсенді түрде қатысуға шақырды