Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен медиа тұлғалар «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Артист ұлымен бірге «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басталуына қатысты, бұл туралы Мұрат Мұтұрғанов Instagram парақшасында хабарлады.
«Құрметті достар! Бір ай бойы өзіміздің сүйікті Алматымызды таза әрі көрікті етіп таза ұстауға тиіспіз. Біз, циркшілер әулетінің өкілдері ретінде тазалықты цирктен бастадық. Егер сіз де қаланы өзгерткіңіз келсе, үйіңізден, кіреберісіңізден бастаңыз, сонда қаламыз әдемі болады. Біз қаланың таза болғанын қалаймыз!» – деп жазды Мұрат Мұртұрғанов.
Ол өз әрекеті арқылы өзгелерге үлгі болып, тұрғындардың Алматыға деген сүйіспеншілігі оянатынына сенімді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен тазалығына өз үлесін қоса алады.
Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ веб сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, постерлерге, афишаларға арнайы QR-код бойынша кіруге болады.
Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды