Алматыда 50-ден астам ескерткіш түнгі жарықпен жабдықталған

Almaty.tv
Almaty.tv
Жұмыс қаланың барлық ауданын қамтыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи әрі мәдениет ескерткіштеріне түнгі уақытта жарық беру жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс қаланың барлық ауданын қамтыды. Шара аясында 56 монумент пен бюст те жарықтандырылды. Қосымша жарықтандыру үшін 128 прожектор орнатылды.

«Алматы Қала Жарық» МКК бас инженері Әлімұхамед Жалпақов атап өткендей, мүсіндер мен кешендерді жарықтандыруға бюджеттен қосымша қаражат бөлу талап етілмеді.

«Бір жерде азғантай жарық болды, біз оны жақсарттық. Ескерткіштер мүлдем жарықтандырылмаған жерде біз монументалды құрылымның барлық ұлылығын жарықпен көрсету үшін қолда бар ресурстарды қолдандық. Қазір көптеген қала тұрғындары мен қонақтары бұл сұлулықты суретке түсіру және еске алу үшін қараңғы уақытта ескерткіштерге арнайы келеді», - деп түсіндірді ол.

Кәсіпорын қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп мемориалдар тізімін қалыптастырды. Тізімге Абай, Әл-Фараби, Райымбек батыр, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Дінмұхамед Қонаев ескерткіштері, Ұлы Отан соғысының батырлары мен интернационалист-жауынгерлерге, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған бірқатар мемориалдар, Алматы қаласының құтқарушыларына арналған ескерткіштер, «Қазақстан» монументалды-мүсіндік композициясы, Тәуелсіздік монументі және т.б. енді.

Оқи отырыңыз: Алматыда ірі көлемді қоқыстарды шығару жұмысы күшейтілді

Новости партнеров