Таулардан басталып, ол жағалауларда, саябақтар мен скверлерде, жаздың ыстық күндерінде демалушылар көп жиналатын жерлерде жалғасты
Жастар мен аға буын сүйікті қаланы ретке келтіруге және абаттандыруға белсенді қатысуда. Қазіргі кезде Алматыда «Алматы жазы» ауқымды экологиялық эстафетасы өтуде. Таулардан басталып, ол жағалауларда, саябақтар мен скверлерде, жаздың ыстық күндерінде демалушылар көп жиналатын жерлерде жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы жазы» экологиялық эстафетасын жас және аға буын өкілдері қолдап, күш біріктіріп, Үлкен Алматы өзенінің жағалауын ретке келтірді. Егде жастағы адамдар арасында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына баратындар аз емес. Өскелең ұрпақ өкілдеріне жастарды мүдделері бойынша біріктіру және олардың энергиясы мен әлеуетін бүкіл қоғам үшін пайдалы бағытқа бағыттау үшін Алматыда ашылған комьюнити-орталықтардың резиденттері көмектесуде. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына келушілер қатарынан барлығы 80-ге жуық зейнеткер және «Жасыл ел» мен комьюнити орталықтардан 120 қатысушы жиналды.
Олар атқаратын іс-шаралардың табиғатқа, жалпы қалалық объектілерге және бір-біріне ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталғаны маңызды. Бұл туралы «Алматы жазы» экоэстафетінің қатысушылары айтты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайыревтың айтуынша, мұндай акциялар патриотизм мен өз жеріне деген сүйспеншілікке тәрбиелейді.
«Біз Үлкен Алматы өзенінің бір жағасында, ал аға буын өкілдеріміз екінші жағасында экологиялық акция өткіздік. Біз жағалауды тазалап, көпірлердің бірінде кездестік, бұл ұрпақтар сабақтастығын білдіреді. Жастар қарттарға құрмет көрсетеді, ал олар бізге игі істерге батасын береді. Мұндай акцияларды жиі өткізу керек екеніне сенімдімін. Сіз үшін біреу тазалайды деп күтудің қажеті жоқ, әрбір қала тұрғынының тәртіпті әрі тазалықты сақтауы міндеті, өйткені Алматы – біздің ортақ үйіміз», – деді қоғам қайраткері.
Нәтижесінде жағалаудағы экоэстафетаға қатысушылар 12 текше метр қоқыс, бұтақтар, жапырақтар жинады. «Алматы Жазы» экологиялық эстафетасының қатысушылары қала тұрғындары мен қонақтарын қаланы қорғауға және балаларға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға шақырды.
Көктемде басталған 400 мыңнан астам қала тұрғыны қатысқан «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны «Алматы Жазы» жазғы экоакциясымен жалғасты. Қаланы абаттандыру бойынша ауқымды акция аясында субұрқақтар, өзендер, су айдындары мен жағалау аймақтары тазартылды.
Хабарланғандай, «Таза Қазақстан» бастамасын тиімді іске асыру мақсатында 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы мәслихатының депутаттары қала аумағын абаттандырудың жаңа ережелерін бекітті. Нормативтік құжат құқықтық мәртебесі мен шаруашылық жауапкершілік нысандарына қарамастан заңды тұлғаларды, сондай-ақ аула мен қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, барлық қала тұрғындары үшін абаттандыру тәртібін айқындайды.
Бұл шаралар «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр