Жарысқа 20-ға жуық спортшы қатысты
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдау мақсатында Алатау ауданындағы кезекті іс-шара жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жас буын өкілдеріне спортты насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға үлгі ретінде велошеру өткізді. Жарысқа 20-ға жуық спортшы атсалысып, 5 шақырымды қос дөңгелектің көмегімен жүріп өтті.
– «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты науқанды қолдау мақсатында Алатау ауданының спортшылары велошеруге қатысып жатыр. Барша халықты қоршаған ортаны таза сақтауға шақырамын, – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.
– Бұл шерудің мақсаты – адамды салауатты өмір салтына қалыптастыру. Сондай-ақ жас ұрпақты еліне, туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттығын дамыту, – деді спортшы Айдын Ұзақов.
Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: өнер тарландары сенбілік өткізді