Игі іс-шара Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды
Алматыда еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына орай 300 түп алма ағашының көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі іс-шара республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясында ұйымдастырылған. Оған қала басшылығы мен мәслихат депутаттары, «Генералдар кеңесі» мен «Офицерлер кеңесі» өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
– Кеңес Одағының батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке арнап алма ағаштары отырғызылды. «Сүйікті қаламызды көркейтейік» деген оймен келіп, іс-шараға қосылдық, – деді «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Бексұлтан Сәрсеков.
– Қаланы тазалауды коммуналдық шаруашылықтың мойнына іліп қоймай, әр азамат науқанға атсалысуы керек, – деді қоғам қайраткері Роза Оспанқызы.
Оқи отырыңыз: Алматыда «таза қасбеттер» акциясы басталады