Таза Қазақстан: науқан Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында жүргізілді

13.08.2024 03:00

Сенбілікке алдыңғы шептегі офицерлер құрамынан қатардағы жауынгерлерге дейін атсалысты

almaty.tv

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тапты. Науқанға Мемлекеттік күзет қызметі «Батыр» президенттік полкінің сарбаздары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тазалау жұмыстары Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында жүргізілді. Сенбілікке алдыңғы шептегі офицерлер құрамынан қатардағы жауынгерлерге дейін барлығы 100-ден аса әскери қызметкер атсалысты.

«Бұл бастама  әрине, әр қазақстандықтардың, әрбір адамның табиғатты қорғауға, өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Және де болашақ ұрпақ үшін таза және жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі», - деді Мемлекеттік күзет қызметі 0111 әскери бөлімінің әскери қызметкері Евгений Пивень.