Экологиялық акция 19 қыркүйекте өтеді
19 қыркүйекте World Cleanup Day халықаралық экологиялық акциясына орай Қазақстанның барлық өңірінде ауқымды тазалық шаралары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылады. Оған ел тұрғындары, еріктілер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысады.
Акция барысында қоғамдық және табиғи аумақтар, саябақтар мен жағалаулар қоқыстан тазартылады.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тұрғындарды 19 қыркүйекте өтетін экологиялық шараларға белсенді қатысуға шақырды.
«Таза Қазақстан» әрқайсымыздан басталады.
Оқи отырыңыз: Алматыда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегері Арман Қошқаров марапатталды